Қазақтың бұрынғы басшыларында береке болса, бұ күнде қазақ бұл күйде болар ма еді? Жұрттың берекесі кетуге түптеп себеп болған нәрсе - қазақта бірліктің жоқтығы. Бірлік жоқтан һәр жанға еріп, бытыраған, бірлік жоқтан қазақтың һәр қайыссын һәр жерде дұшпаны ойбайлатқан. Бұрынғы хан болсын, билер болсын, әділдіктен жырақ болған, дәл осы күнгі атқа мінген өздеріндей. Заманы адасқан соң өздері де адасып, бұрынғы хандар мен билер өтіп кетті. Ендігі тірі жүрген кісілерге де тіршілік керек. Әділеттілік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды. Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап,момынды жылатып іздеген мырзалар қысты күні үңгірде жатып өз аяғын сорған аю мысалында ғой, қанша қомағайланса да сорғаны өз аяғы. Аюлықты тастап ақшаны малға бөлсе, бірлік-береке кірер еді. Мұны аю істейді деп айтып отырғаным жоқ. Ел болған соң аюсыз бола ма. Келер уақытта жұрт қамын ойлайтын аға-іні бауырларға жазып отырмын. ҚЫР БАЛАСЫ. "ҚАЗАҚ", 1913 Ж. НӨМІР 12, 28 АПРЕЛЬ.

Теги других блогов: әділеттілік Қазақ бірлік